BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Биыл өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,1% құрады

Фото: Liter.kz

2018 жылғы қаңтар-сәуірде 2017 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Тамақ өнімдері, сусындар, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, фармацевтикалық өнімдер, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті. Сонымен бірге, көмір және лигниттің өндірісі қысқарды, темекі өнімдері және өзге де көлік құралдарын жасау төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.

k14-05-2018-1

2018 жылғы қаңтар-сәурдегі жекелеген өнім түрлерінің өндірісі
Өндірілгені 2017 жылғы
қаңтар-сәуірге
пайызбен
мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна 29,9 105,9
мыс кендері, млн.тонна 32,6 104,9
ұн, млн.тонна 1,5 124,1
бензин, млн.тонна 1,1 110,4
газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна 1,4 99,7
портландцемент, млн. тонна 2,3 119,9
жазық илек, млн. тонна 1,0 111,9
тазартылған мыс, млн. тонна 0,1 99,4
электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. 38,2 108,1

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер