BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Көз жұмып» қол қойып, соттасамыз: «Атамекенде» бизнес серіктес дауының себебі талқыланды

ҚР ҰКП алаңында Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Былтырғы жылы Алматыда ірі кәсіпкер Евгений Молибогиннен бизнестегі әріптесі ақша талап еткен, қорқытып-үркітіп аяусыз сабаған, соңында қинап өлтірген. Биыл Астанада кәсіпкер Майор Авазов жол бойындағы дәмханасын мемлекеттік орган заңсыз деп танып, жапқан кезде өзіне-өзі мылтық кезеп, атып тастаған. Елімізде биылдың өзінде 3146 өндіріс ошағы банкротқа ұшыраған. Бизнес серіктестердің арасындағы қақтығыстар мен даулар кейінгі кездері неліктен өршіп барады? Міне осы өзекті тақырып бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен өткен кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында талқыланды.

Іс-шараға ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ақылтай Қасимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Кеңес Әбсатиров, Айгүл Соловьева, Павел Казанцев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, сонымен қатар бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде кәсіпкерлердің серіктестермен, мердігерлермен және клиенттермен келісімшарттық қатынастар саласындағы құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер