USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Көкшетауда жаңа сүт зауыты пайдалануға берілді  

Көкшетауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында сүт және ірімшік өңдейтін жаңа зауыт пайдалануға берілді, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Нəтиже» кəсіпорнының қуаты тəулігіне 40 тонна сүт жəне сүт өнімдерін өңдеуге жетеді. Жобаның құны - 500 миллион теңге. Зауыттың ашылуына орай 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Салтанатты шараға қатысқан өңір басшысы өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

«Бүгінгі таңда өңірде 15 мыңнан астам адам кəсіпкерлікпен айналысады. Олар бюджетке салық төлеп, өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді. «Нəтиже» кəсіпорны, осы тұрғыдан алғанда, Ақмола облысы аумағында ғана емес, Астана жəне Павлолар облыстарының нарығын да жауламақ. Кəсіпорынның нарықта өз орнын табатынына сенім мол», – дейді облыс əкімі.

Айта кетейік, биыл облыс орталығында өңірлік индустрияландыру картасы аясында құны 2 миллиард теңгеден астам 7 жоба жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Ақмарал АЙҒАРА

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады