Қазақстандық балмұздақ Грузия мен Арменияға экспортталады - Бизнес|08 Тамыз 2018, 20:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қазақстандық балмұздақ Грузия мен Арменияға экспортталады

Қазақстандық балмұздақ Қытай, Өзбекстан, Моңғолия мен Қырғызстан елдеріне экспортталады. Бұл туралы "Шин-Лайн" компаниясының президенті Андрей Шин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Компания басшысы хабарлағандай, экспорт бойынша Ресей баяғыша көш бастап тұр. Бұл елдегі сатылым 2017 жылмен салыстырғанда үш есе артты. Ал, жақын күндері балмұздақ Грузия, Армения, Әзербайжан мен Украинаға экспортталады.

Андрей Шиннің айтуынша, балмұздақ нарығы жыл сайын 2-3% өсіп келеді. Отандық және импорттық тауардың елдегі қатынасы шамамен сәйкесінше 60%/40%.

Соңғы үш жылда аталған тауардың өндірісі 7,5% артып, 33 мың тоннаны құрады.

Айта кетейік, Қазақстанда балмұздақ өндіретін 21 компания бар. Тұтыну көрсеткіші бойынша бір тұрғынға 2,5 келі балмұздақтан келеді және оны көбіне 45 жастан асқан азаматтар сатып алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер