Қазақстан брендтері туралы кітаптың екінші томы жарық көрді  - Бизнес|09 Тамыз 2018, 12:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Қазақстан брендтері туралы кітаптың екінші томы жарық көрді 

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстан брендтері» атты кітаптың екінші томының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Отандық брендтерді шетелге таныстыру мақсатында жарық көрген басылымның екінші томы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай шығарылып отыр.

«Қазақстандық брендтерді әлемде біздің елімізді тану үшін, шикізаттық емес экспорттық тауарларды басқа мемлекеттерге шығуын сүйемелдеу үшін елімізді арнайы мемлекеттік бағдарламасы болған. Сол сияқты, бұл мақсатты жүзеге асыруға елдегі бірқатар кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып отыр. Себебі, біз белгілі бір шикізаттық емес тауарды экспортқа жөнелткен кезде оны тануы керек. Біріншіден, оның сапасы жақсы болуы керек, екіншіден, ол бренд жайлы толық ақпарат ұсынуымыз керек. Сондықтан, бұл кітаптың негізгі мақсаты бізге келген инвесторлар, трейдорларға өзімізде осындай сапалы өнімдердің, брендтердің бар екенін таныстыру, біздің кәсіпкерлерді жоғары деңгейге шығуға ынталандыру болып табылады», - дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Экспортты дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры Әлімжан Тоқтасынов.

Қазақстандық компания «Kazakhstan-export-import.com» 2016 жылдан бері аталған кітаптың шығарылуына қолдау көрсетіп келе жатыр.

Видео: Нұржас Жақсыбай

Қазақстандық брендтер жайлы бұл басылым әзірше тек ағылшын және орыс тілінде жарық көруде. Кітап басылымын ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта ішкі нарыққа және кәсіпкерлерге арналған кітапты қазақ тілінде басып шығару жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер