BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Қарағанды облысындағы түрмеде тігін цехы ашылды

Фото: ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде АК-159/25 (Жезқазған қ., қауіпсіздігі аралас мекеме) мекемесінің аумағында салтанатты түрде тігін өнімдерін шығаратын өндіріс орны ашылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің өңірде сотталғандардың жұмыспен қамтылуы 70%-ды құрайды. Бұл шағын және орта кәсіп өкілдерімен өзара іс-қимылдың нәтижесі болып отыр. Оған дәлел ретінде облыс орталығынан 540 шақырым жерде орналасқан ҚАЖ мекемесінің аумағында ашылып отырған бүгінгі цехты айтуға болады», - дейді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Дархан Қанатбеков.

Бірінші кезеңде жұмыспен қамтылған 10 шақты жазасын өтеуші азамат төсек орын жабдықтарын тігеді, сондай-ақ жақында «Қазақмыс» корпорациясынан арнайы қолғаптар мен киімдер тігуге тапсырыс қабылданды. Еңбек жалақысы келісімді түрде айына 30 мың немесе одан да жоғары теңгені құрайды.

Аталған өндіріс орнында жазасын өтеу мерзімі аралығында «Жезқазған технология және қызмет көрсету колледжінде» оқыту курсынан өткен және «Тігін» мамандығы бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом алған сотталғандар жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн.

«Мұндай өндіріс орындарының ашылуы тек қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сотталғандарды тәрбиелеу және қайта әлеуметтендіру процесінде ерекше орын алады», - дейді өз сөзінде Д. Қанатбеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер