BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Инвесторлар мен бизнесті қорғау жөніндегі Жобалық офис экономикалық дипломатияның дамытады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамасымен құрылған «Protecting Business and Investments» жобалық офисінің алғашқы нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған шарада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек шетелдік инвесторларды қорғау, Жобалық офистің қызметі, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар маңызды мәселелерді жариялады.

СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатты «экономизациялау» жөнінде бірқатар міндеттерді жүктегенін атап өтті. Ведомство «экономикалық дипломатияны» ілгерілетіп, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға тұрақты түрде жәрдемдесу бойынша жұмыс ітсеп келеді. Сондай-ақ, тиімді экономикалық ынтымақтастыққа ықпал ететін қолайлы инвестициялық ахуалды насихаттау мақсатында шетелдік инвесторлармен белсенді жұмыс атқарады.

Айта кетсек, бұл құрылым Агенттік, Инвестициялар және даму министрлігі және Сыртқы істер министрлігі арасындағы үш жақты меморандумға сәйкес инвестициялық тартымдылықты арттыру және жемқорлықпен кездескен жағдайларда инвесторларға жәрдем көрсету мақсатында құрылған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер