BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

«Coca Cola Белестері» жобасы аясында ауылдардағы 10 мың әйел кәсіпкерлікпен айналысуды үйренді

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Coca Cola» компаниясы өздері жұмыс істейтін барлық мемлекеттегі әртүрлі әлеуметтік бастамаларға назар аударып, қолдау көрсетеді. Копанияның қайырымдылық қоры соңғы бес жылда Қазақстандағы жобаларды қолдау мақсатында 1,6 млрд доллар бөлген.

"Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы мен «Әлеуметтік қозғалыс» қоғамдық қоры бірлесіп, «Coca-Cola» компаниясының қолдауымен 2013 жылдан бері «Coca-Cola белестері» атты әлеуметтік жобаны іске асырып келеді. Жоба аясында ауылдағы жұмыссыз және аз қамтылған әйелдерді оқытып, оларды бизнеске баулу көзделген. Тіпті ол үшін арнайы грант та бөлінеді. Осы жоба аясында ауылдардағы 10 мың әйел кәсіперлікпен айналысуды үйреніп, "Бизнес-вумен" атанды", - дейді Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі «Coca Cola» компаниясының менеджері Александра Аккирман.

Ол аталған жобаны алты жыл бойы алға сүйреп келе жатқан Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы мен «Әлеуметтік қозғалыс» қоғамдық қорына алғыс айтты.

"Ауылдағы әйелдер І форумын ұйымдастыру туралы идеяның туындауына «Coca Cola Белестері» жобасы да әсер еткенін айтсам - артық айтқандық емес", - дейді ол.

Өтіп жатқан форумның серіктестері «Coca Cola» компаниясы, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың өкілдігі, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры екенін айта кеткен жөн.

Фото: Бауыржан Жуасбаев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер