BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«БЖК-2020» арқылы 600-ге жуық кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтті

Фото: автор

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін елордада «Іскерлік байланыс» жобасы және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП және германиялық халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) бірлесуімен ұйымдастырылған басқару кадрларын дайындау бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген конференция барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Қазақстанда кәсіпкерлерді шетелде тағылымдамаға жіберу «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске асып жатқанын айтты. Қазақстандық бағдарлама Германияның «Іскерлік байланыс» бағдарламасына жоба ретінде енгізілген.

«Ең алдымен айтқым келетіні, бұл – мемлекеттік бағдарлама. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында елдегі кәсіпкерлерді Германияға тағылымдамадан өткізуге жіберіп отырамыз. Биыл ел бойынша 569 адам оқыды. Екі ел арасында 1 млн еуроға келісімшарт жасалды», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Қазақстан Республикасында басқарушы кадрларды дайындау бағдарламасы 2004 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама «Іскерлік байланыс» жобасы ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізілген. Жоба ШОБ-тың жоғары және орта буыны жетекшілерінің бизнесті жүргізудің заманауи модельдерін оқуын, сонымен қатар мемлекет есебінен шетелдік бейінді кәсіпорындарда тегін тағылымдамадан өтуін қарастырады.

Жоба басталғалы 2011-2018 жылдар аралығында бірінші кезең аясында бизнес-тренингтерге 4467 кәсіпкер қатысқан. Екінші кезеңге 2011-2018 жылдар арасында 328 кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтті.

Қазақстандағы Германия елшілігінен келген арнайы өкіл болашақта жоба аясы кеңейіп, жаңа жобалар қосуға ниетті екенін жеткізді.

«Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынасқа 25 жыл болды. Неміс тарапы, неміс экономикасы ноу-хау, жаңа білім әкелсе, қазақстандық тарап динамика, идея мен жақсы жағдай ұсынады. Қазақстан үкіметі өз жастарын «Іскерлік байланыс» бағдарламасы аясында қолдайтыны қуантады. Біздің бағдарламамыз аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жұмыс істеп жатқанымызға да қуаныштымыз. Біз үшін бағдарлама өте маңызды. 600-ге жуық қатысушысы бар. Бағдарламаның ерекшелігі – болашақта экономикаға үлес қосатын белсенді жастарға үлкен мүмкіндік. Қазақстандық әріптестерімізбен: «Атамекен» ҰКП, Ұлттық экономика министрлігімен бағдарламаға жаңа жобалар қосамыз деп үміттенеміз», - деді Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасы елшісінің тұрақты орынбасары Йонотан Вайенберг.

Ол тағылымдамаға барған жастардың қай бағытта білім алатынына қысқаша тоқталды.

«Негізінен, тағылымдамадан өтуге барған жастар жалпы сауда, жалпы экономикалық бағытта білім алады. Бірақ біз болашақта аграрлық салаға да назар аударуды көздеп отырмыз», - деді елшілік өкілі.

Жоба аясында қазақстандық кәсіпкерлер жаңа әріптестер тапты және неміс бизнесімен экономикалық байланысты жолға қою мақсатында Германияда әртүрлі уақытта апталық тағалымданадан өтті.

Конференцияда қазақстандық кәсіпкерлер отанға қайтып келген соң игерілген неміс тәжірибесін қалай қолданады, кәсіпорындарында қандай өгерістерді жүзеге асыра алды, олардың шетелдік әріптестермен байланысы қалай қалыптасты тақырыптары бойынша тағылымдамалар нәтижесін жария етті.

Пленарлық отырыста 2017 жылы өткен тағылымдама нәтижелері қорытындыланды, сонымен қатар түлектер жобаны дамыту бойынша өз идеяларымен бөлісті. Тағылымдамаларға қатысушылар Жобаға қатысу арқылы жүзеге асырған жобаларын көпшілікке таныстырды.

Осы уақыт аралығында Германиядан тағылымдамадан өту республикалық бюджет және Германияның экономика мен энергетика федералды министрлігі есебінен қаржыландырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер