BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Бизнестің дамуына шенеуніктер кедергі жасап отыр – Тимур Құлыбаев 

Бүгінгi күнi шенеуніктердің кесірінен тұтас кәсіпорындар жабылып жатыр. «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Жоғары сотта өткен жиында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бүгінде шенеуніктердің кесірінен тұтас кәсіпорындар жабылып жатады. Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылған кәсіпорындардың үштен бірі жабылып қалды. Бұл - үлкен шығын. Бәріміз жұмыс орындарын ашып, бизнеске жағдай жасап жатырмыз. Сосын, бір күннің ішінде оларды жауып тастаймыз. Бұның бәрі бизнеске де, мемлекетке де тиімсіз. Бізде ірі кәсіпорындардың да банкрот болған жағдайлары аз емес. Әсiресе, ауыл шаруашылығы саласында ондай оқиғалар жиі кездеседі», - деді Тимур Құлыбаев бизнес құқығын сотта қорғауға арналған форумда.

«Атамекен» басшысының айтуынша, қазіргі заңнамада мемлекеттік қызметкерлердiң жауапкершілігі жазылған. Соның ішінде тәртіптік, әкімшілік, тіпті қылмыстық жаза да бар. Алайда, шенеуніктердің басым бөлігі жазадан жеңіл құтылып кетеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердiң жауапкершілігін күшейту керек.

«Бұл - «Атамекен» ұстанымы. Мемлекеттік қызметкерлердiң кесірінен бизнеске үлкен зиян келсе, сотта ондай шенеуніктерге қатысты нақты шара қолдануымыз қажет. Сонда бизнес өзінің қорғалатынына сенімді болады», - деп түйiндедi Тимур Құлыбаев.

Атап өтсек, жиында Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми сот мемлекет пен бизнес арасындағы дауды әдiл шешуi тиiс деген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер