BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Биыл Қазақстанда экспортталатын тауар бағасы 0,6% өсті

2018 жылғы қаңтар-сәуірде экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасы өзгерді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде экспортталатын тауарларға баға - 0,6%, импортталатындарға 1,1% жоғарылады.

Сыртқы сауда бағасының өзгеруі
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
2018 жылғы сәуір 2018 жылғы
қаңтар-сәуір
2017 жылғы
қаңтар-сәуірге
2018 жылғы
наурызға
2017 жылғы
сәуірге
2017 жылғы
желтоқсанға
2015 жылғы
желтоқсанға
Экспорт – барлығы -0,1 19,3 0,6 33,4 15,0
Шикізат -0,1 25,4 0,9 39,0 18,6
Жартылай дайын өнімдер -0,5 8,9 - 0,3 27,1 9,2
Дайын өнімдер 0,9 5,6 1,1 14,6 3,9
Импорт – барлығы -0,4 6,4 1,1 25,6 6,6
Шикізат 1,7 18,2 6,8 32,4 14,1
Жартылай дайын өнімдер 0,1 11,6 0,9 27,7 10,6
Дайын өнімдер - 0,7 4,4 0,6 24,5 5,1

Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы мысқа - 7,9%, қара және түсті металл кендеріне - 7,3%, мұнай өнімдеріне - 4,4%, табиғи газға - 2,4%, көмірге - 2,1%, мұнайға 1% жоғарылады, ферроқорытпаларға - 3,7%, алюминийге - 2,7%, қара металл кендеріне - 2,6%, қорғасынға - 2%, мырышқа - 0,4% төмендеді. Бағаның мақтаға 5,3% жоғарылауы, олардың ұнға - 6,3%, жүнге - 2,1%-ға, бидай және арпаға 0,4%-дан төмендеуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден темекі - 14,6%, көкөністер - 5%, балық 3,9% қымбаттады. Какао - 10,7%, қант – 4,5%-ға, кофе және маргарин - 3,5%-дан, құс еті - 2,2%, сүт өнімдері 1,9% арзандады. Баға былғарыға - 5,1%, тоқыма бұйымдарына - 3,3%, аяқкиімге - 1,6%, пластмассаға - 1,1%, құрылыс материалдарына 0,9% жоғарылады, сүрекке - 1,3% төмендеді.

k12-06-2018-2

Есептеу үшін экспорттаушы, импорттаушы кәсіпорындардың іріктемелі тобы және іріктелген өнім түрлері бойынша бағаны жалпы мемлекеттік статистикалық байқауы (1-Ц нысаны (экспорт, импорт), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы (1-ТС нысаны) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және Кеден статистикасы деректері пайдаланылады. Баға индекстерін агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы теңгемен көрсетілген белгілі бір жылдың сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер