BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Бетси Нельсон: Ауылдағы кәсіпкер әйелдерге 20 000 несие берілді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2015 жылдан бері Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда "Бизнестегі арулар" жобасын іске асырып келеді. Бұл туралы Ауылдағы әйелдердің І форумында Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Бетси Нельсон айтты.

8-9 қараша аралығында өтетін форумның бірінші күнінде бизнесте, әлеуметтік салада, мемлекеттік қызметте жүрген әйелдер өздерінің табысты жолымен бөліседі.

"Даму" фондының қолдауымен біздің серіктес қаржылық ұйымдар әйелдер басқаратын орта және шағын бизнестегі кәсіпорындарға жалпы құны 26,1 млрд. теңгені құрайтын 20 000-нан астам несие берді. Біз қолдайтын 71,5% әйел кәсіперлер Астана мен Алматыдан тыс ауыл-аймақтарда тұратынын мақтанышпен айтам", - дейді Бетси Нельсон.

Бұған дейін форум Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда әйелдердің жетістіктері мен үлесін көрсету үшін арнайы платформа құру, сондай-ақ әйелдерді ынталандыру, оларды жасыл экономикаға тарту, Органикалық Ауыл шаруашылығын және ауылдағы жұмыспен қамтудың түрлі формаларын енгізу мақсатында өткізіліп жатқанын жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер