BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Астаналық кәсіпкер экологиялық қоқыс контейнерін әзірлеуді ұсынды

Бүгін халықпен есептік кездесу барысында Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрова инвестиция тарту, инновацияны дамыту, кәсіпкерлікті қолдау туралы талқылады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шара барысында астаналық кәсіпкердің бірі жаңа экологиялық таза қоқыс контейнерін жасап шығаруды ұсынды.

«Біз жаңа қоқыс контейнерін ұсынамыз. Көбісі қазір ашық-шашық жатыр әрі ескі. Жел тұрғанда ауаны ластағанымен қоймай, ауланы да қоқысқа толтырады. Қазір бел ортасына дейін жер астына орналасқан жаңа контейнерлер бар, кейбір жерде BI Group пайдаланып та жатыр. Біз қақпағы жабық, өрт қауіпсіздігі жоқ жаңасын жасап шықтық. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін бізге екі миллиондай теңге қажет», - деді «Қазақстан инновациялық технологиялар институты» ЖШС маманы Қайрат Әшімов.

Малика Бектұрова кәсіпкерді қолдап, жыл сайын қала әкімдігі өткізетін грантқа қатысуын ұсынды.

«Сіз 3 миллионға дейін қайтарымсыз негізде грант алу үшін құжат тапсыра аласыз. Биыл конкурс мамыр айында өтеді», - деді Бектұрова.

Кәсібін енді бастаған кәсіпкерлер үшін республикалық бюджеттен жылына бір рет грант бөлінеді. Конкурсты әкімдік өткізіп, жеңімпазды анықтайды. «Даму» кәсіпкерлік қоры» АҚ конкурсқа қатысу үшін бизнес-жоспар жасауға көмектесіп, кеңес береді. Астана әкімдігі конкурсқа өтініштерді қабылдауды алдын ала хабарлайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер