BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Алматыда үздік тауар өндірушілердің көрмесі өтеді 

9-10 тамыз күндері Алматы қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, биыл айтулы байқауға Алматыдағы 60 компания қатысады. Ең үздіктері үш аталым – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықталады. Жеңімпаздарға естелік сыйлық пен байқаудың республикалық кезеңіне жолдама табысталады.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Атамекен» ҚР ҰКП байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Көрме-байқауында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына жергілікті компаниялардың өнімдерімен танысып қана қоймай, өз бағасымен сатып та алуларына мүмкіндік жасалады.

Қалыптасқан үрдіс бойынша байқау екі күнге созылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер