BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Биыл Қазақстан дүкендері екі айда 1,2 трлн теңгеге сауда жасады

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында жекелеген сауда айналымы 1,2 трлн теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4,5% көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сауданың жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарларының үлесі 30,8%-ды (387,7 млрд теңге), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 69,2%-ды (870,5 млрд теңге) құраған.

Азық-түлік сату көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артқан. Сондай-ақ, ірі сауда кәсіпорындарының үлесі 57%-ды (717,3 млрд теңге), жеке кәсіпкерлер мен қала базарларының үлесі 43%-ды (540,8 млрд теңге) құраған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер