BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасына қалай қатысуға болады

Фото: интернеттен

Таяу арада «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «1000 орын –көше саудасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тағы да 100 орынға конкурс жариялауды жоспарлап отыр. Конкурстың ерекшелігі өтініштерді қабылдау онлайн-режимде өтеді. Одан басқа келесі аукцион блокчейн жүйесінің базасында өткізу жоспарлануда. Жалпы бағдарламаны бірінші іске асыруды бастаған кезде 579 келісімшарт бекітілген болатын, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы қаладағы шағын және орта бизнесті қолдайтын құралдың бірі. Сонымен бірге ол өте ашық демократиялы – оған кез келген адам қатыса алады.

«Оған кірудегі кедергілер өте аз. Кәсіпкерден бар талап етілетіні – ИП/ЖШС туралы куәлігі мен салықта қарызы жоқ деген анықтама ғана керек. Жалға алудың құны жылына 1 шаршы метрі 20 мың теңге. Бірақ кәсіпкер жеңіп шыққан жағдайда бекітілген экстерьерге сәйкес павильонды өзі орнатуы тиіс және коммуникацияны да өзі қосады», - деді «Astana ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Бағдарламаны іске асырудың қағидасы қарапайым және екі кезеңнен тұрады: бірінші кезекте кәсіпкер павильон ашқысы келетін жер учаскесінің орнын суретке түсіріп, мекенжайын ӘКК-не өтінішпен жібереді. Ары қарай «Астана» ӘКК ол өтінішті сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына береді. Олар өз кезегінде өтінішті әкімдіктегі барлық мүдделі меморгандарға жолдайды – олар ТЖ, аудан әкімдіктері мен басқа да қаланың меморгандары. Оң шешім шығарып, қабылдаған жағдайда ӘКК екінші кезеңіне кіріседі – 50-70 сауда көшесіне рұқсат беретін орынды жинақтап, тағы да конкурс жариялайды.

«Біздің сайттан, қала сайтынан және аймақтық кәсіпкерлер палатасының сайтына суреті бар жер учаскесі туралы барлық ақпаратты екі апта бойы іліп қояды, себебі кез келген үміткер онымен танысып, өзінің ұсынысын бере алады. Егер бір орынға 4 адамнан келсе, онда біз ол жерді аукцион арқылы ойнатамыз. 3 адамнан және одан аз болса жалға берілетін жерді беру туралы шешімді әкімдік өкілдерінен құралған арнайы комиссия қабылдайды», - деді спикер.

Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаны іске асыруға көпбалалы жалғызбасты ана Жәмила Наурызбаева мүмкіндік алды.

«Бәрі де менің қала әкімдігіне көкөніс пен жеміс-жидек сататын орын бөліп беріңіздер, отбасымды өзім асыраймын деген өтінішімнен басталды. Комиссияның шешімімен маған бірінші павильонды тегін берді. Капитал жинап екінші павильон ашуды ұйғардым. Сол кездері «Астана» ӘКК сайтынан конкурс туралы хабарламаны көрдім. Қатысамын деп шешіп, өтініш бердім. Мен өтініш берген участокқа басқа да 5 адам таласыпты. Бірақ мен жеңіп шықтым. Бәрі адал, ашық түрде өтті. Жалға алудың мерзімі – 7 жыл. Қазіргі таңда мен көкөніс пен жеміс-жидек сатумен айналысамын, менің екі павильоным бар», - деді ол.

Жекеменшік кәсіпкер Рахман Алиевтің де бағдарламаға қатысуы аяқ астынан болған жоқ.

«Мен бұрыннан гүл бизнесімен айналысамын. Флористика курсынан өткенмін. Хабарландыруды көргеннен кейін нақты жер учаскесін көрсетіп, ондағы мақсатымды нақты көрсеттім, ИП куәлігімді, салықта қарызым жоқ туралы құжаттарды әкелдім, 50 АЕК төлеп, аукционға қатысатын рұқсат алдым. Ақыры жеңіп шығып, осы жерде 1,5 жылдан бері жұмыс істеп жатырмын», - деді ол.

Бағдарламаға қатысқан тағы бір кәсіпкер - AF Company ЖШС басшысы аталмыш бағдарламаның маңызды екенін айтып өтті, оның қатысушылары жыл сайын әкімдіктен қызметін ұзартуы үшін рұқсат сұрамауы тиіс. Жерді жалға алудың мерзімі – 7 жыл. Қазір келісімшартқа кәсіпкердің қызметінде ескерту жоқ болған жағдайда жалға алудың мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, жоба шеңберінде келесідегідей көше саудасы және қызмет көрсетудің негізгі түрлері іске асырылуда: көкөніс, жеміс-жидек сатылымы, дайын өнімдердің сатылымы (сусын, балмұздақ, фаст-фуд), тағам өнімдерін сату; нан-бөлке, сүт, шұжық өнімдері), гүл сату, газет сату, кәдесый өнімдері, балалар әлемі, техникалық сервис қызметі, тұрмыстық қызмет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер