ЖОО-ға түсудің жасырын әдістері анықталды - Білім & ғылым|06 Тамыз 2018, 18:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

ЖОО-ға түсудің жасырын әдістері анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Арнайы мониторингтік топ мүшелері жоғары оқу орындарына түсудің жасырын әдістерін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Арнайы мониторингтік топ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп «жасырын сатып алушы» әдісімен облыстың жоғарғы оқу орындарындағы қабылдау комиссияларының қызметінде қоғамдық бақылау жүргізді.

Осылайша, Арнайы мониторингтік топ мүшелері бакалавриат пен магистратураға түсудің жаңа мүмкіндіктерін анықтады.

«Мониторинг барысында 11 сыныптан кейін бакалавриатқа кешенді тестілеуді тапсырусыз ақ түсудің әдісі айқындалды. Ол үшін, анықталғандай, бар болғаны шығармашылық мамандыққа түсіп, әрі қарай еш қиындықсыз басқа қалаған мамандыққа ауысып алуға болады. Аталған әдіс ЖОО-ға түсу бойынша барлық бөгеттерден өтуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

«Магистратураға түскен кезде алдын-ала келісім бойынша ұялы құрылғыларға орнатылған What’s App мессенджері арқылы көмек көрсетуге кепілдік беріледі», - деді қабылдау комиссиясының мүшесі.

Сонымен қатар, Арнайы мониторингтік топ мүшелері бакалавриат пен магистратураға ресейлік ЖОО арқылы түсудің жолдарын анықтады. Аталған әдіс бакалавриатқа ҰБТ мен кешенді тестілеу тапсырусыз түсуге мүмкіндік береді. Соның өзінде, оқыту мен емтихан тапсыру үрдістері қазақстандық ЖОО-да өтеді. Бір жартыжылдық ішінде оқу құны шамамен 160 мың теңгені құрайды.

Департамент мәліметінше, оған қоса студенттердің емтихандарды (сессияны) тапсырусыз баға алуының жемқорлықтық тәуекелдері анықталды. Тіпті арнайы жасырын бағалар тізімі бар: диссертацияны жазу және қорғау - 120 мың теңге, сессия тапсыру - 60 мың теңгеден кем емес.

«Анықталған фактілер жүйелік сипатқа ие және талапкерлерге облыстың жоғарғы оқу орындарына еш бөгетсіз, міндетті талаптарды ескермей ақ оқуға түсуіне жол ашатын жоғарғы білім жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдерінің болуын растайды. Арнайы мониторингтік топтың осындай жағдайларды анықтау бойынша жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер