BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Жақында жаһандық апат болуы мүмкін

Америкалық зерттеушілер тобы әлемдегі ірі су жағалауындағы қалаларды ғасыр соңында су басуы мүмкіндігін анықтады. Олардың айтуынша, мұндай жаһандық апат теңіз деңгейінен судың жарты метрге дейін көтерілуінен болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдардың мақаласы Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.

Мамандар спутниктегі 20 жыл бойы жиналған деректерге сараптама жасап, теңіз деңгейінің өсуін нақтылады. Сөйтсе, 1993 жылдан бастап Әлемдік мұхиттағы су көлемі 0,084 миллиметрге дейін көтеріліп келеді. Осы кезеңдегі орташа өсімді 2,9 миллиметр деп есептесе, 2005-2100 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 65 сантиметрге жетеді.

Олар жаңа зерттеуде мұздардың еруі мен вулкандардың атқылауы да қатты әсер етіп отырғанын анықтады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер