BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Вице-министр ұстаздар жалақысының қаншаға өсетінін айтты

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қаншаға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысын 30-50% көтеруді тапсырған болатын. Жалақыны көтеру кезінде маманның біліктілігі мен жұмыс өтілі ескеріледі.

«1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7-сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8-сынып ұстаздарының жалақысы көтеріле бастайды. Кейін кестеге сәйкес, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4 және 9-сынып ұстаздарының, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10-сынып ұстаздарының жалақысы көбейеді», - дейді вице-министр.

Екіншіден, маманның біліктілік деңгейін анықтау жаңа жүйеге сәйкес жүргізіледі.

«Біліктілік деңгейін бекіту ұлттық бірыңғай квалификация тестілеуінің нәтижесі арқылы анықталады. Нәтижеге сәйкес бұл ұстаздардың жалақысы 30-50% өседі. Квалификация тестін Білім министрлігі осы жылдың ортасына қарай әзірлейді. Қыркүйек айынан бастап ұстаздар осы тестілеуден өтіп, кейін жалақылары өсе бастайды», - деп хабарлады шенеунік.

2017 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда ұстаздың орташа жалақысы 99 мың теңге болды. Енді министрлік ұстаздардың жалақысын көбейткен жағдайда, орташа жалақы 120-130 мың теңге болуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер