BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Ұстаз мәртебесі күн тәртібінде жүрген өзекті мәселе – профессор

Фото: Автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әсіресе Тәуелсіздік алған кезеңнен бері ұстаздар мәртебесінің күрт құлдырап кеткендігі байқалады. Бұл туралы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Жомарт Симтиков «Мұғалім мәртебесі» жөніндегі заң жобасын талқылау кезінде айтты.

Оның айтуынша, ұстаздардың мәртебесі күн тәртібінде жүрген ең өзекті мәселелердің бірі.

«Бұл жөнінде Елбасы стратегиялық бағдарламалардың барлығында айтқан болатын. Қазақстан-2030 стратегиясында, кейін Қазақстан-2050 стратегиясында басым бағыттары жөнінде айтқан еді. Сонымен қатар, 100 нақты қадамда да ол жалпылама көрсетілгенімен кейінгі кезде күн тәртібіне шығып отырғаны байқалады. Әсіресе биылғы Қазан Жолдауында бұл мәселеге нақты көңіл бөліп, бұл іс-шараны тікелей іске асыру, жалпы қалықтық талдауға ұсынып отырғандығы шынында да біздің мемлекетіміздің демократиялық бағытта кетіп бара жатқандығын айқын көрсетіп отыр», -дейді профессор.

Сондай-ақ ол, Абай атындағы ҚазҰПУ биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өткендігін және еліміздегі ең көне жоғары оқу орнның ірге тасын құраған университет ретінде педагогикалық мәселе жөніндегі ұсыныс-пікірлердің көпшілігін маңайына топтастырып отырғандығын жеткізді.

«Университеттің жанында қалыптасқан бірнеше жұмыс топтары бар. Заңнамалық жобасын, ұстаздардың мәртебесі республикалық деңгейде жоғары болу жөнінде оған Заңнамалық тұғырнама жасап отырған консепциялық жұмыстарымыз бар. Ол осы университеттің ғалымдары негізінде құралған. Теориялық жағымен қатар тәжірибелік жағы да жүзеге асу үшін біз ауылдық жерлерден, облыстық деңгейлердегі оқу орындарынан, арнайы білім беретін орындардағы ұстаздардың түрлі әлеуметтік жағдайын қарастыра отырып талқыладық»,-дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер