BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Үлкен қалалардағы мектептерде психолог мамандар жетіспейді – Ерлан Сағадиев

Фото: редакция архивінен

Алматы мен Астана, Шымкент қалаларында бір психолог мыңнан астам баламен жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Министр жиын барысында балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі жиі көтерілетіндігін, қазіргі уақытта елімізде 7 мыңнан астам психолог-педагог жұмыс істейтіндігін айтып өтті.

«Орта есеппен Республика бойынша бір психологқа 300-ден астам оқушыдан келеді. Алайда Алматы мен Астана, Шымкент қалаларында бір психолог мыңнан астам баламен жұмыс істейді. Себебі қазір психолог бала санына емес, сынып санына қарай беріліп отыр. Бір сыныпта 10-15 бала болса ол қалыпты, ал үлкен қалаларда бір сыныпта 35-45 бала болса бір психолог мың баламен жұмыс істеуіне тура келеді. Қазір тиісті өзгерістер енгізілуде, үлкен қалаларда қосымша психологтарды алу қажет болады. Сондықтан әкімдерге осы мәселеге ерекше назар аударуды сұраймыз», - деді ол.

Сонымен қатар ол, инфрақұрылым бойынша биыл 680 мектепке күрделі жөндеу қажет болғанын, айлайда жөндеу тек 50 пайыз ғана жүргізілгенін жеткізді.

«Ең жоғарғы 100 пайыздық көрсеткіш 8 өңірде байқалады. Ең төмен облыстар Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы және Жамбыл облыстары. Бүгінгі таңда Республика бойынша 45 апатты мектеп бар. Заң бойынша бір мектепке ғана мемлекеттік бюджеттен қаражат қарастырылған. 29 мектептің құрылысы жергілікті бюджет арқылы салынып отыр, алда 15 апатты мектепті салу мәселесі шешілмеген», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер