BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Түлектерге ҰБТ тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiлмек

Ұлттық тестiлеу орталығының басшысы Рамазан Әлiмқұлов биыл тест тапсыру шарттары бiраз жеңiлдейтiнiн айтты. Бұл жайында ол Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысына дейiн берген сұхбатында мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Рамазан Әлiмқұловтың айтуынша, ендi орынды себептер болған жағдайда, түлектерге Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiледi. Бұған дейiн орынды себебi болса да түлек ҰБТ-ны өз тобында тапсырмаса, басқа топта тапсыра алмайтын. Ал, биылдан бастап осындай мүмкiндiк қарастырылған.

«Биыл ҰБТ форматы өзгермейдi. Тестiлеу үш мiндеттi және екi таңдалған пән, барлығы бес пән бойынша өтедi. 2018 жылы тестiк тапсырмалар базасы 50%-ға жаңарды. Тест сұрақтарын дайындаған азаматтардың айтуынша, жаңартылған сұрақтар пәндi жаттамай, жақсы түсiнуге мүмкiндiк бередi», - дедi Ұлттық тестiлеу орталығының директоры.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер