BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Тіл-Қазына» орталығы онлайн семинар өткізеді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы жылдың 16 қарашасынан бастап «Бастапқы деңгей: тіл үйрету мен лексикалық минимумды анықтау әдістемесі» тақырыбында республикалық онлайн семинарын өткізуді жоспарлап отыр.

Онлайн семинардың мақсаты – «Бастапқы деңгей: тіл үйрету мен лексикалық минимумды анықтау әдістемесі» онлайн режимде жүзеге асыру арқылы қазақ тілін меңгертудің әдістемесін жаңа деңгейге көтеру.

Онлайн семинар барысында ғалымдар мен білікті мамандар «Лексикалық минимум және сөздердің қолдану жиілігі: байланысы мен арақатынасы», «Тілдік құзыреттіліктерді қалыптастырудағы жағдаяттық тапсырмалардың тиімділігі», «Тіл үйретуде заманауи ақпараттық-коммуникациялық теxнологияларды қолданудың әдістемесі», «Шет тілдерді үйрету әдістер: практикалық мысалдар негізінде», «Бастапқы деңгей: сыни тұрғыдан ойлау әдістері арқылы сөздік қорды арттыру жолдары» тақырыптары аясында баяндама оқып, семинарға қатысушылар онлайн режимі арқылы өзара тәжірибе алмасатын болады.

Онлайн семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қызметкерлері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен өңірлердегі мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының, жоғары оқу орындарының мамандары және әдіскер-ғалымдар қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер