BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Техникалық мамандықтар бойынша гранттар санын көбейту үшін Үкімет қаулылары әзірленеді – министр

Фото: Yvision

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Президенттің бес әлеуметтік бастамасының үшінші бағытын жүзеге асыру үшін сәуір айында тиісті қаулылар әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қарауына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы жобасын ұсынды.

Сонымен қатар Тимур Сүлейменов жоғары білім алудың қолжетімділігін арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесіне тоқталды.

«Бұл мәселеге Білім және ғылым министрлігі жауап береді. Бюджетті нақтылау шеңберінде осы бағыт бойынша техникалық мамандықтарға назар аудара отырып, мемлекеттік білім беру тапсырыстарын ұлғайту жоспарланып отыр. Білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері пысықталады. Техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша гранттарды ұлғайту үшін сәуір сайында Үкімет қаулылары әзірленеді», - деді Тимур Сүлейменов.

Осы орайда министр студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілетітін түсіндірді.

«Жатақханаларды мемлекеттік жеке меншік әріптестік қағидаттарына сәйкес салу бойынша тетіктерді айқындау және заңнамалық түзетулерді әзірлеу жоспаланып отыр. Мамыр айының соңына дейін әкімдер жатақханалар салу үшін жоғары оқу орындары мен колледжер аумақтарының маңынан жер учаскілерін және инженерлік коммуникацияларды айқындайды», - деді ведосмство басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер