BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Стивен Хокингті жерлеу рәсіміне 2038 жылға дейін туғандар қатысады

Марқұм физик Стивен Хокингтің күлін жер қойнына тапсыруға уақыт саяхатшылары қатыса алады. Шара билетін ойнататын сайтқа 2038 жылдың 31 желтоқсанына дейін дүниеге келген адамдар тіркелу құқығына ие, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Стивен Хокинг атындағы қордың өкілі журналистерге «Уақытта саяхаттауға болмайтынын ешкім дәлелдеген жоқ» деп қысқа жауап берді.

Хокингтің күлі жер қойнына 15 маусым күні Лондонда тапсырылады. Ол Исаак Ньютон мен Чарльз Дарвин қабірлерінің ортасына жерленеді. Аталған шараға қатысуға 15 мамырға дейін өтінімхат жіберуге болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылы Хокинг уақыт саяхатшыларына арнап мерекелік отырыс ұйымдастырған болатын. Шараға келу уақыты мен күні ол өтіп кеткен соң ғана жарияланды. Бұл арам ниетті адамдар келіп алмасын деген мақсатпен жасалған.

Естеріңізге сала кетсек, физик 14 наурыз күні 77 жасында көз жұмды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер