BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Шымкентте жастар форумы өтеді

Фото: ©

2018 жылдың 11 желтоқсан күні «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үй кешенінде үшінші мегаполистің белсенді жастарының форумы өтеді. Ұйымдастырушы - Шымкент қаласы балалар, отбасы және жастар істері жөніндегі басқармасы.
Шараның негізгі мақсаты – қаладағы бизнес-қауымдастықтар мен жастардың арасында кәсіби және іскерлік байланысын дамыту, жаңа буынның өзекті мәселелерін анықтайтын және оны шешу жолын қарастыратын коммуникациялық алаң құру.

Форум аясында Қуаныш Шонбай, Ақерке Абылайхан, Бауыржан Қасымбергебаев, Асқар Абубакиров, Ибрагим Ескендір, Серік Есматов, Арман Оспанов, Өркен Кенжебек, Яков Федоров сынды елімізге танымал спикерлер қатысып, өз тәжірбиелерімен бөліседі. Сонымен қатар, форумға Шымкент қаласының әкімі - Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ірі және орта бизнес өкілдері, қала жастары қатысады. Айта кетейік, аталған шараға 14-29 жас аралығындағы кез-келген адам қатыса алады.
Іс-шара барысында спикерлермен бірге түрлі сала эксперттері 5 секцияда бойынша тәжірибе алмасады. Олар:

І. Жастар кәсіпкерлігін дамыту;
ІІ. Білім беру саласының озық технологиялары;
ІІІ. Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту;
ІV. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің жастар тәрбиесіндегі рөлі;
V. Жастар ұйымдарының әлеуетін арттыру.

Сонымен қатар, форумда Шымкент қаласы балалар, отбасы және жастар істері жөніндегі басқармасы мен қаладағы ірі кәсіпорындар, үлкен және шағын бизнес құрылымдармен жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылады.
Осыған орай, іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Өтетін күні: 11 желтоқсан 2018 ж.
Өтетін уақыты: 09:00
Өтетін орны: «RIXOS KHADISHA SHYMKENT»
Байланыс телефоны: +7 707 191 3151


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер