BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Сағадиев «Күнделік» порталына жасалған хакерлік шабуыл туралы пікір білдірді

Фото: saittar.kz

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Kundelik.kz порталына жасалған хакерлік шабуыл туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ұлттық ақпараттық технологияларға» шабуыл жасалды, соған сай «Күнделік» жүйесіне де зақым келді. Шабуыл бірнеше күнге жалғасты. Мән-жайын мен де білмеймін. «Күнделік» жүйесі «ҰАТ» АҚ-тың ішінде орналасқан», - деп жауап берді Сағадиев журналистер сауалына.

Ол шабуылдан кейін Kundelik.kz қана емес электрондық үкіметтің бірнеше қызметі жұмыс істемей қалғанын айтты.

«Бұл дегеніміз олардың бәрі істен шықты деген сөз емес. Олар сол сәтте уақытша істен шыққан болуы мүмкін. Мен оны шеше алатын маман емеспін, бірақ қажетті қорғау жүйелерін орнатса қайтадан бәрі өз орнына келеді», - деп сендірді министр Үкімет кулуарында.

Еске сала кетсек, «Күнделік» ақпараттық жүйесіне 2018 жылдың 4 қыркүйегінде DDOS хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз. Kundelik.kz порталының әзірлеушілері қазіргі уақытта порталға және мемлекеттік органдар үшін есептік жүйеге қолжетімділік жылдамдығының азаюы мүмкін екендігін мәлімдеді.

Қазір шетелдік DDOS шабуылдарға қарсы тұру бойынша біріккен жұмыстар жасалып жатыр.

«Kundelik» - бұл Қазақстанның жалпы білімдік мектептерінің электронды күнделіктері мен журналдарының ұлттық жүйесі. Жүйеге 6 мыңнан астам мектеп қосылған, 4 млн. астам қолданушы тіркелген. Электронды күнделіктерді енгізу арқылы оқу үрдісінің тазалығы және оқушылар мен мұғалімдер арасында ақпаратпен алмасу қолайлығы жоғарылайды, сонымен қатар есеп тапсыру үрдісі жеңілдейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер