BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Сағадиев ата-аналарды 15 мамыр күнi жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев жұмыс берушiлерден 15 мамыр күнi ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады. 15 мамырда бүкiл Қазақстан бойынша жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Ерлан Сағадиевтiң айтуынша, елiмiзде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы 15 мамырда өтедi. Жалпұлттық жиналыс алғаш рет былтыр ұйымдастырылған болатын.

«Өздерiңiз бiлесiздер, бiзде әдетте жиналысқа орташа алғанда ата-аналардың 10-15 пайызы ғана қатысады. Өткен жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы келдi. Бұл өте жақсы нәтиже. Бiз биыл осы нәтиженi қайталағамыз келедi. Сондықтан, Бiлiм және ғылым министрлiгi атынан барлық жұмыс берушiлерден, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан ата-аналарды 15 мамыр күнi жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан ертерек босатуды сұраймыз», - дедi Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер