BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Павлодарда 900-ге жуық мұғалім үш тілділік курсынан өткен

Фото: интернеттен

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі мектептерде үш тілде сабақ беруге көшу кезең-кезеңмен жүргізілуде. Соңғы үш жыл ішінде 843 ұстаз шет тілдері курстарынан өтіп, базалық сабақтарын ағылшын тілінде өткізудің әдіс-тәсілдерін меңгерді.

Облыстық білім беру басқармасы жанындағы инновациялық даму орталығы мамандарының хабаралуынша, басымдық жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге берілген. Нақтырақ айтқанда, физика, химия, биология және ақпараттану пәндерін ағылшын тілінде өткізуге бірдіндеп көшу қарастырылған.

«Мұғалімдердің тіл білімі бірнеше деңгей бойынша бағаланады. Қазіргі уақытта 112 ұстаз біліктіліктерін арттыруда. Осыдан екі жыл бұрын В2 деңгейін игерген мамандардың жалақысына үстемақы қарастырылмаған еді. Биылғы жылы білікті ұстаздар айлықтарын көбейту мүмкіндігіне ие болмақ. Ал тағы 500 педагог В1 деңгейіне жеткен. Курстардан кейін мұғалімдердің жұмысын сүйемелдеу мақсатында каникул кезінде менторлық курстар ұйымдастырылады», - дейді инновациялық орталықтың әдіскері Ләззат Ахмадиева.

Бүгінде ағылшын тілін меңгерген мұғалімдердің орташа жасы - 30-40. Курстардан өтуге ниет білдірген кадрлардың басым бөлігі - жастар. Қазіргі уақытта аталған төрт пәнді шет тілінде меңгеріп жатқан оқушылар саны 10 мыңнан асып жығылады. 234 орта мектепте ағылшын тілінде оқыту ішінара енгізілген. Олардың 136-сы – ауылдық жерлердегі білім беру ордалары.

Бұған дейін екі мыңға жуық педагог аттестациялық тест тапсырып, білімдерін дәлелдеген. Осы жолы шебер-педагог, сарапшы-педагог мәртебесіне ие болғандарға үстемақы қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер