BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

NASA Марсқа тікұшақ ұшырады

Қашықтықтан басқарылатын Mars Helicopter тікұшағының салмағы 1,8 кг, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

NASA 2020 жылы Марсқа кішігірім тікұшақ жібереді. Жоспар сәтті жүзеге асса, бұл аппарат бөгде ғаламшарда қолданылған алғашқы тікұшақ болады.

«Қашықтықтан басқарылатын Mars Helicopter тікұшағы Қызыл ғаламшар атмосферасында ұшады. Оның салмағы – 1,8 кг. Кішігірім доппен тең десек те болады. Ол күн батереяларымен және жылыту жүйесімен жабдықталған», - делінген хабарламада.

Mars Helicopter қосарланған винті жер бетіндегі тікұшақтардікіне қарағанда 10 есе артық айналады. Сынақ барысында ол 12 км биіктікке көтерілді. Бұл дегеніңіз – ол Марста жүріп 30 км биіктікте ұша алады деген сөз.

Тікұшақ Марста өзге аппараттар бара алмайтын жерлерге жету үшін жасалған. NASA Марсқа кезекті экспедицияны 2020 жылға дейін жібереді деп жоспарланып отыр. Ал кеме Қызыл ғаламшарға 2021 жылы жететін болады. Экспедиция мақсаты – Марста тіршілік иелерінің қаншалықты тұра алатынын тексеру.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда АҚШ және Жапония ғалымдары Марста зерттеу жүргізуге арналған кішкене барлаушы-роботтар жасап шығарды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер