BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Мүгедек балалардың сапалы білім алуы үшін нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізілді – Ерлан Сағадиев

Мүгедек балалардың сапалы білім алу құқығын іске асыру үшін тек осы жылы министрлік 10-нан астам нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, мектептер мен колледждерде жан басына қаржыландыру методикасына, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жоғары екі есе төленетін коэффицент қарастырылған.

«Биыл еліміздің 17 жоғары оқу орнында физиология мамандығы бойынша бакалавриатқа 250-ден 400 дейін грант бөлінген. Алғаш рет магистратураға 110, доктарантураға 30 орын беріп отырмыз. Кадрларды дайындау шеңберінде барлық педагогикалық мамандықтар бойынша инклюзивтік білім беру пәні барлығына оқытылады. Бірінші рет педагогикалық колледждерде коррекциялық дене шынықтыру мұғалімдері және мектепке дейінгі логопедпен жаңа квалификация енгізіліп, осы жылы оқыту басталды», - деді ол.

Министр жиын барысында бұған дейін мұндай мамандар болмағанын және 3 жыл ішінде инкюзивтік білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстарынан үш мыңнан аса мұғалім өтіп, қазір жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер