BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Мидың қартаюын тежейтін тәсіл табылды

Стэнфорд университетінің ғалымдары кәрі жануарлардың қанын тышқандарға құйып тәжірибе жасады. Зерттеу қорытындысы бойынша олар аталған процесс мидың ерте қартаюына әкеп соғатынын айтты. Мамандардың материалы bioRxiv сайтына жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Сөйтсе, мұндай жағдайда өзіндік ерекше ақуыз белсенді қызмет етіп, ол адамның орталық жүйке жүйесінің жас ерекшеліктерін тежеуі мүмкін болып шықты.

Зерттеу барысында биологтар бауыр-ми тосқауылындағы кәрі клеткалардың қандай гендері белсенді болғанын анықтады. Сараптама барысында жас кеміргіштер пайдаланылды. Олардың бас сүйегіне кәрі жануарлар қанының плазмасы құйылды. Ғалымдар мұндай процедураның мидың білім алу, есте сақтау қабілетін қалыптастыратын бөлігіне қандай әсері болатынын тексерді.

Сонда тосқауыл клеткаларында 1 (VCAM1) ерекше ақуыздың синтезіне жауап беретін гендер белсенді жұмыс істей бастағаны байқалған. Бұл ақуыз гиппокампта жаңа жүйке клеткаларының пайда болуына бөгет жасайды. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің иммундық клеткаларының зақымдануына әкеп соғады.

Ғалымдардың айтуынша, VCAM1 әрекеттерін тоқтату мидың қартаюын тежейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер