BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Мемлекеттік хатшы: Қазақстан - «Болашақ» секілді бағдарлама қабылдаған әлемдегі саусақпен санарлық елдердің бірі

Астана, BAQ.KZ. «Болашақ» стипендиясы тағайындалғанына ширек ғасыр толған мерейтойлық форумда ҚР Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан «Болашақ» секілді жастарға аса пайдалы бағдарламаны қабылдаған әлемдегі саусақпен санарлық елдердің бірі екенін айтты.

«25 жыл бұрын Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасын бекіту туралы шешім қабылдаған болатын. Одан бері стипендияның көптеген түлегі экономикамызға айтулы үлес қосып келеді. Олардың арасында осы залда отырған әкімдер мен министрлер, компаниялардың өкілдері мен қаржыгерлер отыр. Мұндай бағдарлама Малайзияда, АҚШ-та және Азияның кейбір елдерінде ғана бар. Біз дәл осындай бағдарламаны қабылдаған аз елдердің біріміз», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы «Болашақ» түлектерін бүгінгі аталып өтіп жатқан мерейтойларымен құттықтады.

«Өмірлік тәжірибе жинақтап жатқан жастарға биік белестерді бағындыруын тілеймін. Жауапты лауазымды қызмет атқарып жүргендер өз елінің дамуына ары қарай үлес қоса берсін деген тілек білдіргім келеді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада өтіп жатқан «Адами капитал - жаңғыру негізі» атты халықаралық форум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стипендианттарға жолдаған құттықтау хатын Гүлшара Әбдіхалықова оқып берген болатын. Президент өз құттықтауында білімді импорттаудың тиімділігін уақыттың өзі дәлелдегенін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер