BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Мектептерде жаңа курс енгізіледі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатындағы Үкімет сағатында Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5 және 7 сыныптарға «Өлкетану» курсы енгізілетінін мәлімдеді.

«Рухани жаңғыру» бағдаралмасы аясында биылғы оқу жылынының екінші жартыжылдығынан бастап, алғаш рет 5 және 7 сыныптарға «Өлкетану» курсы енгізіледі. Оқулығы дайын. Жергілікті атқарушы органдар сатып алу жұмысын жүргізуде», - деді ол.

Сонымен қатар вице-министр биыл 1-11 сыныптарға арналған жаңа типтік оқу жоспары бекітілгенін айтты.

«Енді бір ғана типтік оқу жоспары болмайды. Бірнеше типтік оқу бағдарламасын дайындап бекітітік. Мектептер өздеріне жарамды бағдарлама бойынша жұмыс жасауына мүмкіндік бердік. Барлық мектептерде осы типтік оқу бағдарламасын арқылы академиялық дербес деп есептейміз», - деді Эльмира Суханбердиева.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалім мәртебесі туралы заңды дайындауға кіріскенін, биыл қанша ұстаздың жалақысы өскенін және 5 мыңға жуық ұстаздың төрт пәнді ағылшын тілінде оқытып жүргенін жазғанбыз. Сондай-ақ 2019 жылдан бастап информатика пәні 1-сыныптан оқытылатын хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер