USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Мектепке діни атрибутты киімдермен келуге рұқсат жоқ – вице-министр

Фото: kargoo.gov.kz

Еліміздің мектептерінде оқушыға діни атрибутты киімдер киюге рұқсат берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Биылғы жылы 4 761 мектепке міндетті мектеп формасы енгізілген болатын. Яғни, мектеп оқушыларының 76%-ы белгіленген мектеп формасын киіп жүр. Бүгінгі таңда мектеп жасындағылардың білім ордасына діни атрибутты киімдермен келуі алаңдаушылық туғызуда.

«Еліміздің мектептерінде оқушыға діни атрибутты киімдер киюге рұқсат берілмейді. Алайда сол үшін оқушыға зекіп ұрсуға, сабаққа қатыстырмауға немесе мектептен шығарып жіберуге ұстаздардың құқы жоқ. Баланың ата-анасы шақырылып, ескерту жасалады», -деді Эльмира Суханбердиева.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің мәліметінше, елімізде діни атрибутты киімдермен келетін оқушылар саны 300-ге жеткен.

Айта кетейік, жыл басында ҚР Білім және ғылым министрлігі бірыңғай мектеп формасына қатысты ережені бекіткен болатын. Мектеп формасы пиджак, жилет, белдемше, шалбар, мерекелік жейдеден тұрады. Қыстың күндері трикотаж жилет, сарафан, водалазка киеді. Ұлдарға да, қыздарға да шалбар киюге рұқсат. Бұл барлық конфессия мен этностардан талап етіледі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер20
Еркежан
Бұған дейінде формамен білім алып келді емес пе, оқушылар. Енді не болып қалыпты.
Мереке
Елімізде болып жатқан соңғы діни қақтығыстардан соң хиджаб кигендерге қарап ойланып қалатын болып жүрмін. Әр азаматқа еркіндік берілген елміз десек те, бірыңғай форма кигені дұрыс-ау деп қоям
Рауан
Ақ бантик тағып өскен алдыңғы буын апалардың имансыз болып блара жатқанын көрмеппін. Тыйым салуға келісемін .
Kamilla
Балалар талдырмаш емес пе? Қасындағы достары не кисе соған елітіп тұрады. Олардың арамызда жүрген өзге ағымнан емес екендігіне дәлел қайда?
Аслан
Қолдаймын! Мектеп формасы бар бізде, соны әр оқушы кию керек, ал хиджабты басқа жерде кисін!
Арман
Толығымен қолдаймын! Мектеп формасы бар бізде, соны әр оқушы кию керек деп есептеймін! Кішкентай баланың басын қатырмай, сапалы білім берейік одан да
Арман
Толығымен қолдаймын! Мектеп формасы бар бізде, соны әр оқушы кию керек деп есептеймін! Кішкентай баланың басын қатырмай, сапалы білім берейік одан да
Хантәңірі
Заң жағынан болсын, басқалай болсын мектептің аты мектеп. Мектепте баланың дамуының алғашқы кезеңдері басталады. Ой өрісінің дамуы барысында балаға дұрыс бағыт-бағдар беру керек. Сондықтан барлық бала өзін бірдей деңгейде сезініп,бірге дамуы үшін біріңғай мектеп формасы дұрыс деп есептеймін
Зайырлы мектепке білім алу үшін келеді, балалар арасындағы белгілі бір әлеуметтік теңсіздікті, немесе діни, этникалық айырмашылықтарды барынша азайту мақсатында бірыңғай форма үлгілері енгізілген. Барлығы оны сақтау керек! Вице-министрді қолдаймын!
жан
Законы нужну соблюдать со школьной семьи...родители должны осмысленно подходить к такому вопросу, обращаться к специалистам к имамам...тем более есть фетва насколько знаю по этому вопросу
Асылжан
Тәртіпке бағынған құл болмайды. Қыз баланың еркін де құрметтеуіміз керек. Хиджабты өз-өзіне жауап бере алатын жасқа келгенде кисе де кеш емес.
Ұлпан
Тұмшаланған тағдыр. Бұл балалардың бала кезін құрбандыққа шалу ғой. Мектеп баласы балалығын сақтауы керек.
Нағима
Негізі осы мәселеге бұрыннан қосылатын едім. Ата-аналарға үлкен ескерту болсын. Аллаға жақындау үшін бірінші балаға ғылым үйрету керек.
Динара
Мектеп білім ордасы. Мешіт дін ордасы. Баланы дінге үйреткің келсе медресеге бер. Мектептің тәртібіне бағыну керек.
Алмат
мектеп мектеп секілді болу үшін алдымен балалары арнайы формамен жүрулері қажет.
Мектеп болган жерде тартип болуы тиис, мектеп кабыргасында журип, сол тартипке багыну кажет! Онын ишине мектеп формасын кию де жатады, сондыктан тартип жалпыга ортак деп санаймын!
ainagul
мектеп - білім ордасы. Барлық жағдай оқушылардың сапалы білім алуына жасалады. сондықтан ата-аналар да өз тараптарынан балаларының мектеп формасын сақтауын қадағалауы қажет. субъективті пікірім, оқушылардың діни атрибуттағы киіммен сабаққа қатысуын қолдамайды.
Каусар
Еліміздегі заң барлығына ортақ, сондықтан заңға қарсы шықпай, оқушылардың мектепте бірдей форма киіп жүрген керемет емеспе
kara88
Требование к школьной форме - важный принцип для образования и воспитания детей... Прививает этикет, дисциплину, не позволяет одежде стать предметом раздоров, насмешек,издевательств, переживаний для детей. По исследованиям, в школах со школьной форме лучше успеваемость. родители которые намеренно это игнорируют, должны подумать, что действительно важно для их детей, что принесет им благополучие, спокойствие, лучше образование и успеваемость!
Adam
оку орындарынын зандылыктарына суйенип, барлык билим алушылармен бірыңғай форманы киу керек...

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады