BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Мектеп журналы электрондық нұсқада жүргiзiлсе, оны қағаз түрiнде толтыруға тыйым салынады – БҒМ

Фото: mkset.ru

Бiз электрондық журналды қағаз есепке теңестiрдiк. Цифрландыру тақырыбына арналған Үкiмет сағатында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Төрт мыңнан астам мектепте электрондық күнделiк енгiзiлдi. Барлығы шамамен 3,5 миллион адам күн сайын (электрондық күнделiктi - авт.) қолданады. Олар: мұғалiмдер, оқушылар және ата-аналар. Мен бұған дейiн айтқандай, ең алыс ауылдарға электрондық күнделiктi, барлық пәндер бойынша үздiк видеосабақтарды қолжетiмдi ету мiндеті тұр. Қазiр бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Бiз электрондық журналды қағаз есепке теңестiрдiк. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электрондық нұсқада жүргiзуге болады, солай ету керек те. Оны тағы қағаз түрiнде толтыру қажет емес және тыйым салынады. Тиiстi бұйрық қабылданды. Осы бұйрықты бәрiңiз бiлесiздер. Осы туралы көп уақыттан берi мұғалiмдер мен депутаттар сұраған болатын», - дедi Сағадиев.

Министрдiң айтуынша, бүгiнгi күнi мектеп мұғалiмдерi жүргiзетiн құжаттар бекiтiлген.

«Олар тек қана 5 құжатты толтырады және электронды жүйеге қосылған болса, барлығын электрондық түрде жүргiзуге мүмкiндiгi бар. Осыған да тиiстi бұйрық қабылданды. Алдағы уақытта мұғалiмдердің өз функцияларына сәйкес емес жұмыстарды iстемеуiн барлық деңгейдегi басшылар өз бақылауында ұстау керек», - дедi Ерлан Сағадиев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер