BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Мектеп мұғалімдері министрлік бекіткен бес құжатты ғана толтыруы тиіс – БҒМ

Фото: qazaquni.kz

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдеріне 2018 жылдың қаңтарынан ведомства бекіткен бес құжатты ғана толтыру міндеттелетінін, ал қалған құжаттарды министрлік заңсыз деп танитынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында мұғалім мәртебесін арттыру мәселесі талқыланды. Күн тәртібінде мұғалімдердің қағазбастылық мәселесі көтерілді.

«Мұғалімдер көптеген құжат толтырады деген бізде мәлімет бар. Біз министрлік ретінде мұғалімдерге өздері тапсыруы тиіс деген құжаттарды ғана толтырсын деген бұйрыққа қол қойдық. Министрлік мектептердің әртүрлі құжатты ойлап тапқанын құптамайды. Ондай құжаттар не үшін керек? Әрине, керегі жоқ. Бұрыннан келе жатқан тиісті құжаттар бар, мысалы журналға баға қою, күнделікті жоспар, күнтізбелік тақырыптық жоспар деген сияқты құжаттарды ғана жүргізу керек. Қалған құжаттарды біз заңсыз деп танимыз», - деді ол.

Министрлік мұғалім толтыруы тиіс бес құжатты анықтап, 2019 жылдың қаңтарынан бастап бекітті.

«Мұғалімдер жүргізуі тиіс құжаттар санын реттедік. Басқа құжаттарды толтыруға қатаң тыйым салынады. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ сайынғы жоспар, мектеп журналы, күнделік және жиынтық бағалау деген бес құжатты жүргізеді. Қандай да бір мектептердің директорлары бекіткен басқа да құжаттар болса біз оларды заңсыз деп санаймыз», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер