BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Мәжілісмендер Маңғыстаудағы спорт мектебінде болды

Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракция мүшелері Тарас Хитуов, Кәрібай Мұсырман, Асылбек Смағұлов және Сәкен Өтебаев Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне» барды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуге ауыл ақсақалдары, балалар, мектеп ұжымы мен қызметкерлері қатысты.

Депутаттар мектеп оқушыларымен әнгімелесіп, жиналған қауымның сұрақтары мен ұсыныстарын қабылдауға дайын екендігін жеткізді.

Мектеп директоры Өтеген Сәбитов атап өткендей, қазіргі уақытта мектепте 750 бала 42 спорт тобында жаттығады. Атап айтқанда, 9-15 жас аралығындағы балалар. Оларға 26 жаттықтырушы сабақ береді.

"Біздің балалар Республикалық және халықаралық олимпиадалардан жүлделі орындар алады. Мәселен, Көкшетауда өткен Азия чемпионаты мен әлемдік қол күресі ойындарында топ жарды. Балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулып келе жатқан мектептің қабырғасы 2015 жылы салынды және бүгінге оның аумағы таршылық етеді", - деді Ө.Сәбитов.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаттары аталған мәселенің шешілуін өз бақылауларына алатынын жеткізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер