BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Мәдениет министрі Астанада жаңа халықаралық университет ашуды ұсынды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашуды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Туризм саласында халықаралық деңгейдегі кадрларды дайындау өте маңызды міндет. Сондықтан Орталық Азияда алғаш рет яғни Астанада дипломы әлемде мойындалатын, халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашуды ұсынамын», - деді министр Мемлекет басшысына Щучье қаласындағы халықаралық «Бурабай» шаңғы базасында болған кездесуде.

Министрдің пікірінше, мұндай университет білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда Аустрияның (Зальцбург туризм мектебі), АҚШ-тың (Джордж Вашингтон университеті), БАЭ, Швейцария елдерінің тәжірибесі ескерілді. Сондай-ақ Гонконг жоғары мектебімен туризм менеджменті бойынша меморандумға қол қойылды», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 16:48
Астанада шаңғы жарысы өтеді
Пікірлер