BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Литва қазақстандық студенттер үшін 200-ден астам грант бөлуге дайын

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті Ж. Ж. Мелдешов бастаған делегация Литваның үздік университеттерімен екіжақты ынтымақтастық орнату мақсатында Вильнюс және Каунас қалаларында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Литваның Vilnius Gediminas Technical University, Vilnius University, Vitautas Magnus University, Kaunas University of Technology қатарлы мемлекеттік үздік төрт университетінің өкілдерімен кездесу болды.

Келіссөздер барысында литвалық білім беру жүйесі, студенттік мобильділік, қос дипломды алу бағдарламалары және Қазақстандағы Литва университеттерінің өкілдіктерінің ашылуы туралы пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша, келіссөздер жүргізілген Литва университеттері Қазақстан азаматтары үшін 200-ден астам грант ұсынатындығын және биылғы жылдың маусым айының басында Қазақстан қалаларына келіп, талапкерлерге Литва университеттеріне тапсыруды жергілікті деңгейде ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қазіргі таңда Орталықта аталған университеттердің өкілдерімен бірлесе отырып, осы шараларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер