BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Латын графикасына көшу кестесі жарияланды

Фото: tengrinews.kz

ҚР БҒМ білім берудің барлық деңгейінде 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру кестесін бекіту туралы бұйрықты жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Құжат жобасын қоғамдық талқылау 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Кестеге сәйкес, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу кестесі мынадай:

0, 1 сыныптар - 2020 жыл

0, 1 плюс 2 сыныптар - 2021 жыл

0, 1, 2 плюс 3 сыныптар - 2022 жыл

0, 1, 2, 3 плюс 4 сыныптар - 2023 жыл

0, 1, 2, 3, 4 плюс 5-9 сыныптар - 2024 жыл

0, 1, 2, 3, 4, 5-9 плюс 10, 11 сыныптар - 2025 жыл.

Сонымен қатар, 2019-2025 жылдар аралығында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жоспарланды. 192 мыңнан астам мұғалім латын графикасын көшуге байланысты біліктілігін арттырады.

Латын графикасындағы оқулықтарға, оқу әдістемелік кешендерге сараптама жасау:

0-сынып (мектепалды) – 2019 жыл

1-сынып – 2020 жыл

2-сынып – 2021 жыл

3-сынып – 2022 жыл

4-сынып – 2023 жыл

5-9 сыныптар – 2024 жыл

10-11 сыныптар – 2025 жыл

Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерге арналған барлық оқу пәні бойынша, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бойынша латын графикасы негізіндегі оқулықтарды қайта шығару және оларды жергілікті атқарушы органдардың сатып алуын ұйымдастыру:

0-сынып (мектепалды) – 2019 жыл

1-сынып – 2020 жыл

2-сынып – 2021 жыл

3-сынып – 2022 жыл

4-сынып – 2023 жыл

5-9 сыныптар – 2024 жыл

10-11 сыныптар – 2025 жыл

Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіруді ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды қайта даярлауды ұйымдастыру:

2019 жылы – 5000 ад.

2020 жылы – 5000 ад.

2021 жылы – 5000 ад.

2022 жылы – 5000 ад.

2016, 2017, 2018 жж. аударылған латын графикасындағы қазақ тіліндегі арнайы пәндер бойынша оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдарын қайта шығару:

2019 жыл – 200 бірлік

2020 жылы – 200 бірлік

2021 жылы – 220 бірлік.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың ақпанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиінің жаңа редакциясы туралы жарлыққа қол қойды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер