BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Комбайн жүргізушісін дайындап жатқан колледжде бірде-бір комбайн жоқ – Бақытгүл Хаменова

Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменованың айтуынша колледждерге соңғы жылдары бюджеттен қаржы бөлінбеген. Сол себепті комбайн жүргізушісін дайындап жатқан колледжде бірде-бір комбайнның жоғын айтады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«20 жыл колледж басшысы болғандықтан ондағы проблема маған таныс. Оқу жүргізу үшін алдымен лицензия керек. Алайда біздегі құжаттар әртүрлі. Сонымен бірге лицензия біліктілікке қарай емес, мамандыққа берілуі керек. Бұл оңтайлы, қағазбастылықтан құтқарды», - деді Бақытгүл Хаменова.

Мәжіліс депутаты колледж мұғалімдері алатын жалақының аздығына тоқталып өтті.

«Лицензия аларда бәріміз жабылып мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін жұмыс істейміз. Ал неге колледж мұғалімдерінің жалақысы санатына қарай есептелмейді?», - деп дөңгелек үстел басына жиналғандарға сұрақ тастады.

Соңғы жылдары колледждерге бюджеттен қаржы бөлінбеген. Мәжіліс депутатының айтуынша материалдық-теxникалық база 40%-ға дейін төмендетілген.

«2014 жылдан бері бюджеттен мүлде қаражат бөлінген жоқ. Комбайн жүргізушісін дайындап жатқан колледжде бірде-бір комбайн жоқ. Сол себепті бала тағдырымен, адам тағдырымен ойнап жатқан жағдайымыз бар. 2018-2020 жылдарға арнап қаржы бөлу туралы өз ұсынысымызды бердік. Бірақ қолдау тапқан жоқ», - деді Бақытгүл Хаменова.

Сонымен бірге ол колледждер өзін-өзі қаржыландыра алатынын атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер