Колледж гранттары қалай жəне қашан бөлінеді - Білім & ғылым|09 Тамыз 2018, 17:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Колледж гранттары қалай жəне қашан бөлінеді

Фото: leamstramgram.com

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы департаментінің қатысуымен елорда колледждерінде білім грантын бөлу бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жиында 2018-2019 оқу жылында техникалық жəне кәсіптік білім беру үшін Астана қаласы əкімдігінен 12 мемлекеттік колледжге 2518 білім гранты бөлінгені белгілі болды. Енді олар бөліске түседі. Бұл гранттар колледждер арасында бөлінген. Ал, грант иегерлері əзірге жоқ. Олар емтиханнан кейін, 20 тамыздан соң анықталады.

«Білім беру үшін бөлінген қаражаттың жыл сайынғы ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады. Аталған саладағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудың ең тиімді механизмдерінің бірі – қоғамдық бақылауды күшейту. Сол себептен Агенттік «Қоғамдық бақылау картасын» іске қосты. Оған сай, қоғамдық ұйымдар, қоғам қайраткерлері барлық мемлекеттік, салалық бағдарламаларды іске асыру жұмысына қосыла алады. Олар қандай да бір комиссияларда бақылаушы болуға құқылы. Жуырда Агенттік қоғам қайраткерлерінің орта білім беру мекемелері – колледждерде гранттарды бөлу комиссиясына қосылуын қолдады. Гранттарды бөлу процесі ашық өтеді. Емтихандарды ғимаратта арнайы қойылатын экрандардан, əлеуметтік желіден онлайн түрде көруге болады. Балалар колледждерге адал жолмен түсуі тиіс», - деді Агенттіктің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Жазира Жылқышиева.

Оның айтуынша, 1 тамыздан бастап Агенттіктің Арнайы мониторинг тобы мүшелерінің белсенді қатысуымен мемлекеттік грантты тағайындауға мониторинг басталды. Арнайы топ азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлік, ғылыми жəне академиялық қоғамдастықтар, БАҚ жəне блогерлер сияқты түрлі саладағы сарапшылардан тұрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер