BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Қол алысу мен ақыл-ойдың байланысы бар – ғалымдар

Манчестер университетінің ғалымдары қол алысқанда қатты күш салатындар есейгенде ақыл-ойы және есте сақтау қабілетінің жоғары болуымен ерекшеленетінін анықтады. Бұл туралы Daily Mail жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Біз бұлшықет күші мен ми саулығының арасындағы байланысты көріп тұрмыз. Өзіміздің бұлшықеттерімізді нығайту, мысалға зілтемір көтеру арқылы ми дамуын жақсарта аламыз ба? Қазір дәл осы сұрақтың жауабын іздеп жатырмыз», - деді зерттеу авторларының бірі Джозеф Ферт.

Ғалымдар қол алысқанға қарап, адамдардың егде және кәрі жасындағы ақыл-ой қабілеттерінің өзгерісін бағалауға болатынын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер