BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

ҚазАТУ ғылыми-зерттеу университет болуға толықтай дайын – Күрішбаев

Бұл туралы оқу орнының басшысы бүгін ҚР Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Үкіметте Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды одан әрі жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы бірқатар мәселелер қаралды. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ, 2017–2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-ке мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталары әзірленді.

Отырыста С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев баяндама жасады. Баяндамада ауыл шаруашылығын дамыту үшін алдымен ғылымды дамыту керектігі жөнінде бірқатар мәселелерді ортаға салды. Оның ішінде ҚазАТУ-ды ғылыми-зерттеу университеті ретінде құру қажеттігі турасында айта келіп, университет базасы ғылыми тұрғыдан бұл іске дайын екендігін жеткізді.

«Дәл қазіргі кезде ауыл шаруашылығын дамытатын нақты ресурстарды анықтап нақты пайда әкелетін зерттеулерді қолдау керек. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында білім алып жатқан студенттер мен болашақ мамандарды ауыл шаруашылығы саласында тәжірибеден өткізіп, кем дегенде үш жыл мерзімінде аталмыш салада қызмет жасау жолдарын да қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ауыл шаруашылығы саласы мамандарының сапасы артып, мемлекет тарапынан бөлінген гранттардың босқа кетпегендігін байқауға болар еді",- деді Ақылбек Күрішбаев.

Оның айтуына қарағанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мамандарын дайындап жатқан кейбір білім ордаларының базасы осы салаға мүлде сай келмейді.

"Олардың базасы ауыл шаруашылығы саласын оқытуға қауқарсыз. Сондықтан ауыл шаруашылығы мамандары тек арнайы білім беретін ЖОО ғана оқып білім алулары керек. Ол үшін КазАТУ толықтай дайын. Тек мемлекет тарапынан қолдау болса шет елдердегі Калифорния Дэвис университеттері тәрізді бір ізді ғылыми университет болуға даяр" - дейді университет басшысы.

Үкімет мүшелері баяндамада көтерілген мәселелердің барлығын дерлік толықтай қолдады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер