BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қазақстандық университеттер шетел студенттерін тартуды үйренеді

Астанада Ортаазиялық білім хабын құру аясында Қазақстанның жоғарғы білім саласын интернационалдау мәселелері және шет елдік студенттерді тарту бойынша халықаралық семинар өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл семинар Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және еліміздегі білім туризмінің дамуына, Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды білім экспорттаушыға айналуына бағытталған. Семинар Халықаралық білім институты және Америкалық Кеңес пен Фулбрайт бағдарламасының маман-лекторларының қатысуымен өтеді» - дейді ұйымдастырушылар.

Семинардың басты мақсаты – Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындары арасында байланыс орнату, сонымен қатар екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығын арттыру.

«Екі күн ішінде семинар қатысушылары өз жоғары оқу орындарының маркетингтік-стратегиялық жоспарлауын дамыту бойынша тәжірибелік кейстермен танысуға мүмкіндіктері бар. Семинардың ерекшелігі – барлық тәжірибелік сабақтар мен ұсыныстар қазақстандық білім нарқына бейімделе құрастырылған және іс жүзінде қолдануға ыңғайлы» - дейді мамандар.

Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі, жоғары оқу орындары мен АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілік өкілдері қатысады.

Уақыты: сағат 12.00, 15 мамыр 2018 жыл

Өтетін орны: «Алтын Орда» БО, Мәңгілік ел, 8, 1 қабат, конференц-зал

Аккредитация: pressbolashak@gmail.com


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер