BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қазақстандық студенттер ІТ саласы бойынша халықаралық сайыста жеңімпаз атанды

Астана, BAQ.KZ. Ел тарихында алғаш рет Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің (МУИТ) студенттік IT командасы жеті дүркін Әлем Чемпионы Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінен (ИТМО) озып, халықаралық дәрежеде үздіктер қатарынан көрінді.

Үстіміздегі жылғы 2 желтоқсанда Санкт-Петербург, Барнаул, Алматы, Тбилиси қалаларында бір уақытта Northern Eurasia (Солтүстік Евразия) өңіріндегі студенттік командалар арасында бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Финалға ТМД елдерінің 318 командасы қатысты. Құрамына Темірлан Сатылханов, Абай Баймұқанова, Айбар Куанышбай кірген Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің (МУИТ) командасы 13 есептің 8-ін шығарып, ТМД елдері арасында жүлделі 4 орынды, Қазақстан бойынша 1 орынды иеленіп, алтын медальға қол жеткізді. Ендігі кезекте қазақстандық команда 2019 жылғы сәуір айында өтетін әлемдік финалға жолдама алды.

«Бұл университетіміздің 2018 жылғы ең үлкен жеңісі. Біз мұндай көрсеткішке 6 жыл көлемінде қол жеткізе алмап едік. Ендігі кезекте ел тарихында алғаш рет әлемдік чемпионатта үздіктер қатарынан көрінеміз деген үміт бар бізде. Бұл жолы Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің (МУИТ) студенттік IT командасы жеті дүркін Әлем Чемпионы Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінен (ИТМО) озып, халықаралық дәрежеде үздіктер қатарынан көрінді. Бұл өте жақсы көрсеткіш» - дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің ректоры Дамир Шыныбеков.

Қорытынды жекпе жекте 7 есепті шығарған ҚБТУ командасы да жақсы өнер көрсетіп, ТМД елдері бойынша 14 орынды иеленіп, Қазақстан бойынша 2 орында тұрақтады. Ал, 4 есепті шешкен Назарбаев Университетінің командасы ТМД елдері бойынша 81 орынды, Қазақстан бойынша 3 орынды иеленді.

Ендігі кезекте МУИТ командасының көрсеткіштері ТМД өңірінде соңғы 5 жылдағы ең үздік деп танылып отыр. ЖОО жеңісі – Қазақстан үшін үлкен жетістік, өйткені ел тарихында бірде бір команда Солтүстік Еуразия өңірінде мұндай көрсеткішке қол жеткізбеген болатын.

Университет ректорының паймдауынша, «олимпиадалық қозғалыс – дарынды жастар үшін бағдарламалау бойынша өте маңызды бағыт. Олипиада әлемнің үздік компанияларына жұмысқа тұру барысында студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. Olympic Training Center түектері мен ACM ICPC қатысушылары бүгінгі таңда Google, Facebook, Booking компанияларында жұмыс істейді».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер