BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстандық оқушылар Анталиядан жеңіспен оралды

Астана, BAQ.KZ. Түркияның туристік қаласы Анталияда X халықаралық білім олимпиадасынан Қазақстандық оқушылар жеңіспен оралды. Қазақстаннан бөлек, білім додасына Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Ресей, Беларусь пен Әзірбайжан сынды елдерден жалпы саны 600-ге тарта үздік оқушы қатысты.

Білім сайысы химия, практикалық география, математика, физика, биология, бейнелеу өнері, ағылшын және орыс тілдері сияқты негізгі пән түрлерінен өтті. Білім ғана емес, қатысушылар салауатты өмір салтын ұстану бағытында да сыналды. Олар шапшаңдық танытып, шатыр құру, кедергілерден сүрінбей өту, түрлі ребустың шешімін табу, сондай-ақ, бір кереметтің кескінің бұлжытпай салу сынды тапсырмаларды орындауға тиіс болды.

Халықаралық білім байқауында еліміз атынан қатысқан Астанадағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушылары ең көп жүлде алған оқу ордасы атанды. «Дарын» лицейінен барған 24 білімгер барлық пән бойынша 35 медальға ие болып, жалпы командалық есепте II орынға шықты.

Математикадан Аянат Ертаева, Айана Нұрлан, Әбілмансұр Абубакиров, Ясира Ғалым, Төрежан Қабрахым, Аяулым Амирханова, Нұрсұлтан Жұмабек, Зере Алмас, Омар Әбілмансұр, Муслима Таласбай, Бахтияр Таңатар, Рано Жақсыбай, орыс тілі пәні бойынша Әбілмансұр Абубакиров, Рано Жақсыбай, Жұмабек Бексұлтан, Муслима Таласбай, биология пәні бойынша Зере Алмас, дүниетану пәні бойынша Жанель Жусипбекова, география бойынша Нұрсұлтан Жұмабек, Алдияр Сыздыков жеңімпаздар қатарында.

Ағылшын тілі бойынша Мейіржан Нұрлан, Азиза Айтжанова, Зере Алмас, Ясира Ғалым, Әбілмансұр Омар, Дана Алмас, Рано Жақсыбай, бейнелеу өнерінен Азиза Айтжанова, Муслима Таласбай жеңімпаз атанды. «Олимпиада миссі» болып Алау Нұртас, "Олимпиада мистері" болып Мейіржан Нұрлан танылды. Ал, Рамина Амирбек Сезім Нұртас, Ислам Алдабаев «Ең үздік қатысушылар» ретінде марапатталды.

Олимпиада барысында шаxматтан турнир өтіп, лицейдің 5 сынып оқушысы Төрежан Қабдраxым I орын жеңіп алды. Ал, олимпиаданың ең үздік қатысушысы ретінде Дінмуxамед Мұxтияр танылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер