BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қазақстан мен Моңғолия ғылыми зерттеу саласында бірлесіп жұмыс істемек

Фото: Түркі академиясы

Ұланбатыр қаласында Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия ұлттық ғылым академиясы, Тіл және әдебиет институты арасында өзара бірлесіп жұмыс жасау туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ғылыми ұйымдардың атынан бірлескен меморандумға TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі мен Моңғолия ұлттық ғылым академиясы, Тіл және әдебиет институтының директоры Гаадмаба Билгүүдэй қол қойды.

«Меморандумда ғылыми зерттеу саласындағы ел аралық ынтымақтастықты нығайту, зерттеулердің халықаралық мәртебесін арттыру мен жетілдіруге сенім артылатыны көрсетілген. Әрі бірқатар бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істеу турасында да айтылған. Атап айтқанда құжатта Академия жанынан «Моңғолтану филиалын» құру, алтайтану мен моңғолтануға байланысты ғылыми басылымдар шығару турасында ұсыныстар бар. Меморандумға сәйкес шығыстану, алтайтану, түркология, моңғолтану салаларында өзара ынтымақтастықты арттыру көзделген», - делінген Түркі академиясының хабарламасында.

Сонымен қатар, тараптар ғылыми зерттеу жұмыстарына жас ғалымдарды тарту мәселесін де қарастырған. Бірлескен симпозиумдар, конференциялар мен жұмыс топтарын ұйымдастыру да назарда ұсталып отыр. Сондай-ақ, Астана мен Ұланбатыр қалаларында түрлі кездесулер өткізу де көзделіпті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер