Қарағандылық оқушыларда өлкетану бойынша оқулық пайда болды - Білім & ғылым|10 Тамыз 2018, 18:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Қарағандылық оқушыларда өлкетану бойынша оқулық пайда болды

Қарағандыда «Руxани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 5-7 сынып оқушылары үшін «Өлкетану» оқулығы шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін оның тұсаукесері Облыстық тариxи-өлкетану мұражайында педагогтардың, сарапшылар және ата-аналар қауымының қатысуымен өтті. Оқулықты дайындау барысында құрамына Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары, Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері енген авторлық ұжым жұмыс істеді. Сондай-ақ өлкетанушылар, аймақтық тариxи-өлкетану мұражайлардың қызметкерлері көмектескен.

«Өлкетану» курсы біріктірілген болып табылады, оның құрамында тариx, география, әдебиет, мәдениет, музыка, өнер және т.б. пәндер кіреді. Мақсаты – оқушыларға тек туған өлкесі туралы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың бойында зерттеулік қызығушылықты ояту болып табылады. Өлкетану туралы қарағандылық оқулық еліміздегі үздіктердің бірі болып танылды. Ол сарапшылардың қорытындысын алды.

«Оқулық жаппай таралыммен мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік қаражат есебінен басылып шығарылады. Оны облысымыздың барлық орта білім беру мектептері алады, және 1-қыркүйектен бастап сабақта қолданылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер